
Құрылтай сайлауы 2026
04.08.20262026 жылғы Құрылтай сайлауы
10 тамыз күні Қарағанды облыстық бейнелеу өнері музейінде «Құрылтай сайлауы 2026» тақырыбында танымдық әңгіме өтті. Комплаенс-офицер Қ. Блялов музей қызметкерлеріне алдағы саяси науқанның ел өміріндегі маңызы, саяси партиялар мен олардың сайлауалды бағдарламалары, сондай-ақ партиялардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағыттағы ұстанымдары туралы баяндады. Әңгіме еркін пікір алмасу форматында өтіп, қатысушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойды.

