1. Жалпы ережелер

  1. «Қарағанды облыстық бейнелеу өнері музейі» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсiпорыны «Қарағанды облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы» (бұдан әрі - Кәсіпорын) жедел басқару құқығындағы мемлекеттiк кәсiпорынның ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады.
  2. Кәсіпорын Қарағанды облысы әкімдігінің 2016 жылғы 25 сәуірдегі

№ 29/04 «Қарағанды облысы әкімдігінің кейбір қаулыларына өзгерістер енгізу туралы» қаулысымен құрылды.

  1. Кәсiпорынның құрылтайшысы Қарағанды облысы әкімдігі болып табылады.
  2. Кәсiпорынның мүлкiне қатысты субъектiнiң құқығын, мемлекеттiк коммуналдық меншiк құқығын Қарағанды облысы әкімдігі жүзеге асырады.
  3. Кәсiпорынды басқаруды жүзеге асыратын орган «Қарағанды облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы» мемлекеттік мекемесі болып табылады.
  4. Кәсiпорынның толық атауы: Қарағанды облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы «Қарағанды облыстық бейнелеу өнері музейі» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсiпорны.
  5. Кәсiпорынның орналасқан жері: 100008, Қарағанды облысы, Қарағанды қаласы, Қазыбек би ауданы, Бұқар жырау даңғылы, 76 үй.

 

  1. Мемлекеттiк кәсiпорынның заңдық мәртебесi

 

  1. Кәсiпорын мемлекеттiк тiркелген сәтiнен бастап құрылған болып есептеледі және заңды тұлға құқығына ие болады.
  2. Кәсiпорынның заңнамаға сәйкес дербес теңгерiмi, банктерде шоттары, Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк Елтаңбасы бейнеленген және Кәсiпорынның атауы бар бланкiлерi, мөрi болады.
  3. Кәсiпорын Қарағанды облысы әкімдігі келісімімен басқа заңды тұлға құра алады, сондай-ақ оның құрылтайшысы (қатысушысы) бола алады және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес филиалдар мен өкілдіктер құра алады.
  4. Кәсiпорынмен жасалатын және Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiне сәйкес мiндеттi түрде мемлекеттiк немесе өзге тiркеуге жататын азаматтық-құқықтық мәмiлелер, егер Қазақстан Республикасының

заңнамалық актiлерiмен өзгеше белгiленбесе, тiркелген сәттен бастап жасалынған деп есептеледi.

 

  1. Кәсiпорын қызметiнiң мәнi мен мақсаттары

 

  1. Кәсіпорын қызметінің мәні:

1) Қазақстан Республикасының мәдениет ескерткіштерін, бейнелеу өнері шығармаларын насихаттау және зерттеу, түгендеу, сақтау;

2) Қазақстан Республикасының және облыстың ұлттық мәдениетін байыту және дамыту, насихаттау;

  1. Кәсiпорын қызметiнiң мақсаттары:

1) музей жәдігерлерінің каталогы мен картотекасын жасау;

2) көшпелі көрмелер және стационардағы экспозицияларды құру;

3)өнер жайлы лекциялар оқу, консультация және экскурсиялық қызмет көрсету;

4) халықаралық, облыстық және аймақтық шаралар мен акцияларға қатысу.

5) ғылыми кітапхана және ғылыми архивті қалыптастыру.

6) мәдени құндылықтарды реставрациялау, жиынтықтау, түгендеу және сақтау;

7) облыс аумағындағы барлық ұлттар мен қазақ халқының шығармашылығын көркем мәдениетте жеткен жетістіктерін насихаттау;

8) көркем мәдениетті дамыту арқылы тұрғындар мен өскелең ұрпақтың адамгершілік, эстетикалық және патриоттық сезімдерін тәрбиелеу;

9) музей орталықтарымен біріге отырып облысымыздағы ұлттық мәдени орталықтарын дамыту;

10) халықаралық мәдени шаралар мен акцияларға қатысу;

  1. Кәсiпорын қойылған мақсаттарын iске асыру үшiн қызметтiң мынадай түрлерiн жүзеге асырады:

1) отандық және шетелдік бейнелеу өнерінің дамуын, аймақтың материалдық және рухани мәдени даму процесін зерттеу;

2) тұрғындарға эстетикалық, адамгершілік және патриоттық тәрбие беруде мәдени-ағарту жұмыстарын жүргізу;

3) қорда сақталған құжаттар мен өнер шығармаларын ғылыми өңдеу; ғылыми - зерттеу, жинау, ғылыми - сақтау, экспозициялық-көрме, және ғылыми-ағарту жұмыстарын өткізу,

4) музейдің тұрақты экспозицияларымен көрмелерін және қор коллекцияларын пайдаланып, бұқаралық-ғылыми ағартушылық жұмыстар жүргізу;

5) ғылыми қор жинақтау мақсатында экспедициялар, барлау, ғылыми іс-сапарлар ұйымдастыру; 

6) мемлекеттік архивтерде, кітапханаларда, жеке коллекцияларда және басқа да музейлер қорында сақталған деректерді іздестіріп, зерттеу;

7) әлемге әйгілі өнер туындыларын іздеу сатып алу;

8) жергілікті тұрғындардан сирек кездесетін материалдарын іздестіру, сатып алу;

9) тұрақты экспозицияларды жоспарлап және жылжымалы көрмелерді ұйымдастыру;

10) қор коллекциясын және тақырыптық көрмелерді пайдаланып, стационардағы экспозиция базасында жалпы ғылыми-ағарту жұмыстарын жүргізу;

11) тұрақты және жылжымалы көрмелерді пайдаланып, тақырыптық және жалпы шолу экскурсияларын жүргізу;

12) бейнелеу өнері жұмыстары жөнінен мемлекеттік және қоғамдық музейлерге методикалық және практикалық көмек көрсету;

13) мектеп оқушыларына музейде өнер тарихы сабақтарын және үйірмелер өткізу;

14) мектеп оқушыларына арнап арнайы қызмет күндерін ұйымдастыру;

15) музей залдары мен тарихи орындардың көрсеткіштерін, экспедициялардың есебін және музейдің іс-шараларын жария ететін ақпарат деректерін, мерейтойлардың күнтізбелерін, кітаптар, альбомдар, ғылыми жинақтар, мектептер мен жоғарғы оқу орындарымен жүргізілетін жұмыстардың бағдарламаларын шығару;

16) жоғарғы оқу орындарындағы колледждердегі кәсіби көркем-сурет факультеті мен гуманитарлық факультеттің студенттеріне музей ісі жөнінен практика өткізу;

17) музей жұмысының тәжірибесін жинақтау және қорытындылау;

18) мемлекеттік және қоғамдық мекемелермен, шығармашылық одақтармен, әскери бөлімдермен, коммерциялық ұйымдармен келісімшарттар жасау;

  1. Кәсiпорын осы Жарғыда бекiтiлген оның қызметiнiң мәнi мен мақсатына сай емес қызметтi жүзеге асыруға, сондай-ақ мәмiлелердi жасауға құқылы емес.
  2. Кәсiпорынның Қазақстан Республикасының заңдарында немесе құрылтай құжаттарында белгiлi бiр шек қойылған қызмет мақсаттарына қайшы немесе оның басшысының жарғылық құзыретiн бұза отырып жасаған мәмiлесi «Қарағанды облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы» мемлекеттік мекемесінің немесе Қарағанды облысы әкімдігі және прокурордың талап-арызы бойынша жарамсыз деп танылуы мүмкiн.
  3. Кәсiпорын басшысының заңды тұлғаның жарғыдан тыс қызметтi жүзеге асыруға бағытталған iс-қимылдары еңбек мiндеттерiн бұзу болып табылып, тәртiптiк және материалдық жауаптылық шараларын қолдануға әкеп соғады.

 

  1. Кәсiпорынды басқару

 

  1. Қарағанды облысы әкімдігі:

1) Кәсіпорынды құру, қайта ұйымдастыру және тарату туралы шешім қабылдайды.

2) Кәсіпорынның мүлкін пайдалану туралы, оны кепілдікке беру туралы шешім қабылдайды.

«Қарағанды облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы» мемлекеттік мекемесі:

1) Кәсіпорынның Жарғысын бекітеді, оған өзгерістер мен толықтырулар енгізеді.

2) коммуналдық мүлікті Кәсіпорынға бекітеді.

3) Кәсіпорынның филиалдар мен өкілдіктер құруына келісім береді.

4) Кәсіпорынның мүлік пайдалану туралы, оның ішінде оны кепілге, жалға алуға, өтеусіз пайдалануға және сенімгерлікпен басқаруға беру туралы шешімдер қабылдайды;

«Қарағанды облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы» мемлекеттік мекемесі

1) Кәсiпорынның бюджетiнен қаржыландырылатын қызметiнiң басым бағыттарын және мiндеттi жұмыс (қызметтер) көлемiн анықтайды;

2) Кәсiпорынның даму жоспарларын және оларды орындау жөніндегі есептерін қарайды, келіседі және бекітеді;

3) Кәсiпорынның даму жоспарларының орындалуын бақылауды және талдауды жүзеге асырады;

4) Кәсiпорынның мүлкін пайдалануға және сақтауға бақылауды қамтамасыз етеді;

5) Кәсiпорын мүлкiнiң есепке алуды ұйымдастырады, оны тиiмдi пайдалануды қамтамасыз етедi;

6) осы Жарғымен және Қазақстан Республикасының өзге де заңнамасында жүктелген өзге де өкiлеттiктердi жүзеге асырады.

  1. Кәсiпорынның органы оның басшысы болып табылады.
  2. Басшыны тағайындау, оны аттестаттаудан өткiзу, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
  3. «Қарағанды облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы» мемлекеттік мекемесі Кәсiпорынның басшысымен еңбек қатынастарын Қазақстан Республикасының Еңбек кодексiне сәйкес еңбек шартын жасасу арқылы ресімдейді.
    Еңбек шартында Қазақстан Республикасының Еңбек кодексiмен белгiленген жағдайлардан басқа, бюджетке таза табыстың белгiленген бөлiгi уақтылы аударылмағаны үшiн Кәсiпорын басшысының жауапкершiлiгi айқындалады.
  4. Кәсiпорынның басшысы Кәсiпорынның қаржы-шаруашылық қызметiне және мүлкiнiң сақталуына дербес жауапты болады.
  5. Кәсiпорынның басшысы Кәсiпорында сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-әрекеттi ұйымдастыруға дербес жауапты болады.
  6. Басшы дара басшылық қағидаттарында әрекет етедi және Кәсiпорын қызметiнiң барлық мәселелерiн Қазақстан Республикасының заңнамасымен және осы Жарғымен айқындалатын өз құзыретiне сәйкес дербес шешедi.
  7. Басшы:

1) Кәсiпорынның атынан сенiмхатсыз әрекет етедi және оның мүдделерiн барлық органдарда бiлдiредi;

2) Қазақстан Республикасының заңнамасымен бекiтiлген шектерде Кәсiпорынның мүлкiне билiк етедi;

3) шарттар жасасады және өзге де мәмiлелер жасайды;

4) сенiмхаттар бередi;

5) банктiк шоттар ашады;

6) Кәсiпорынның барлық қызметкерлерi үшiн мiндеттi бұйрықтар шығарады және нұсқаулар бередi;

7) Қазақстан Республикасының Еңбек кодексiне сәйкес Кәсiпорынның қызметкерлерiн жұмысқа қабылдайды және олармен еңбек шарттарын бұзады, көтермелеу шараларын қолданады және егер Қазақстан Республикасының заңнамасымен және осы Жарғымен өзгеше көзделмесе оларды жазаға тартады. «Қарағанды облысының мәдениет архивтер және құжаттама» мемлекеттік мекемесінің басшысының ұсынысы бойынша қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын кәсіпорын қызметкерлерінің номенклатурасы осы жарғыда белгіленеді;

8) өзiнiң орынбасарларын қызметке тағайындау және қызметтен босату үшiн «Қарағанды облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы» мемлекеттік мекемесі кандидатуралар ұсынады;

9) өзiнiң орынбасарлары мен Кәсiпорынның басқа да басшы қызметкерлерiнiң құзыретiн белгiлейдi;

10) «Қарағанды облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы» мемлекеттік мекемесінің келісімі бойынша, Кәсіпорынның филиалдары мен өкілдіктерінің басшыларын қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;

11) Кәсіпорынның филиалдары мен өкілдіктері туралы ережелерді бекітеді;

12) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де функцияларды жүзеге асырады.

 

  1. Кәсiпорынның мүлкi

 

26. Кәсiпорынның мүлкiн, құны оның теңгерiмiнде көрсетiлетiн Кәсiпорынның активтерi құрайды.

27. Кәсiпорынның мүлкi бөлiнбейтiн болып табылады және салымдар (жарғылық капиталдағы қатысу үлестерi, пайлар) бойынша, оның iшiнде Кәсiпорын қызметкерлерiнiң арасында бөлуге болмайды.

28. Кәсiпорынның мүлкi:

1) оған меншiк иесi берген мүлiктiң

2) өз қызметiнiң нәтижесiнде сатып алынған мүлiктiң (ақшалай табыстарды қоса алғанда);

3) Қазақстан Республикасының заңнамасымен тыйым салынбаған өзге де қаражат көздерiнiң есебiнен қалыптастырылады.

29. Кәсiпорынның жүргiзуiнде тек оның жарғылық мақсаттарымен көзделген қызметiн қамтамасыз ету үшiн оған қажеттi, не осы қызметтiң өнiмi болып табылатын мүлкi болуы мүмкiн.

30. Шаруашылық жүргiзу жедел басқару құқығын алу және тоқтату, егер осы бапта өзгеше көзделмесе немесе аталған заттық құқықтың табиғатына қайшы келмесе, Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексiнде меншiк

құқығын және өзге де заттық құқықты алу мен тоқтату үшiн көзделген талаптарда және тәртiппен жүзеге асырылады.

31. Шаруашылық жүргiзудегi мүлiктi пайдаланудың жемiстерi, өнiмi мен кiрiстерi, сондай-ақ Кәсiпорын шарттар немесе өзге де негiздер бойынша алған мүлiк Қазақстан Республикасының заңнамасында меншiк құқығын алу үшiн белгiленген тәртiппен Кәсiпорынның шаруашылық жүргiзуiне түседi.

32. Егер Қазақстан Республикасының заңнамасымен немесе меншiк иесiнiң шешiмiмен өзгеше белгiленбесе, мүлiкке шаруашылық жүргiзу жедел басқару құқығы, оған қатысты меншiк иесi оны Кәсiпорынға бекiту туралы шешiм қабылдаған, Кәсiпорында мүлiктi өз теңгерiмiне бекiткен сәтiнде туындайды.

33. Кәсiпорынның негiзгi құралдарға жататын мүлiктi сатып алу, сату, айырбастау, сыйға тарту шарттары негiзiнде иелiктен айыруға құқығы жоқ.

34. Кәсiпорынның мүлкiне шаруашылық жүргiзу жедел басқару құқығы, Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексiнiң 249-бабында көзделген тәртiппен және меншiк құқығын тоқтату негiздерi бойынша, сондай-ақ осы Жарғының 35-тармағына көзделген жағдайда тоқтатылады.

35. Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше белгiленбесе, «Қарағанды облысының мемлекеттік активтер және сатып алу басқармасы» мемлекеттік мекемесі «Қарағанды облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының» мемлекеттік мекемесінің келiсiмi бойынша Кәсiпорыннан жедел басқару құқығында бекiтiлген мүлiктi алып қоюға немесе оны өзi құрған басқа заңды тұлғалар арасында қайта бөлуге құқылы.

36. Шаруашылық жүргiзу жедел басқару құқығындағы мүлiктi алып қою туралы шешiмiнде «Қарағанды облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы» мемлекеттік мекемесі Кәсiпорынға оны өзге тұлғаға бергенге дейiн ұстауын және сақталуын қамтамасыз етудiң мерзiмдерiн белгiлейдi.

37. Осы Жарғының 33-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, негiзгi құралдарға жататын, өзiне бекiтiлiп берiлген мүлiктi иелiктен шығаруға немесе оған өзгеше тәсiлмен билiк етуге, дебиторлық берешектi жазбаша келiсiмiмен ғана «Қарағанды облысының мемлекеттік активтер және сатып алу басқармасы» мемлекеттік мекемесі беруге және есептен шығаруға құқылы.

38. Кәсiпорын оған шаруашылық жүргiзу құқығында жедел басқару құқығында бекiтiлген негiзгi құралдарға жатпайтын жылжымалы мүлiкке дербес билiк етедi.

 

  1. Кәсiпорынның қызметiн қаржыландыру

 

39. Кәсiпорынның қызметi өз табысы және Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасында айқындалған тәртiппен алынған бюджет қаражаты есебiнен даму жоспарына сәйкес қаржыландырылады. Кәсiпорынның даму жоспарларын әзiрлеу және бекiту тәртiбiн Қарағанды облысының әкімдігі айқындайды.

40. Кәсiпорынның таза табысының бiр бөлiгiн аудару нормативiн Қарағанды облысы әкімдігі белгiлейдi. Кәсiпорынның таза табысының бiр бөлiгi белгiленген нормативтер бойынша Қазақстан Республикасының Бюджет кодексiнде белгiленген тәртiппен республикалық бюджетке аударылуы тиiс. Кәсiпорын таза табысының бiр бөлiгiн республикалық бюджетке аударуды

корпоративтiк табыс салығы бойынша декларацияны тапсыру үшiн белгiленген мерзiмнен кейiн он жұмыс күнiнен кешiктiрмей жүргiзедi.

41. Кәсiпорын өзi өндiретiн өнiмдi дербес жүзеге асырады.

42. Кәсiпорын жедел басқару құқығындағы өндiретiн тауарлардың (жұмыстардың, көрсетiлетiн қызметтердiң) бағалары Кәсiпорынның оларды өндiруге жұмсаған шығындарын толық өтеудi, оның қызметiнiң залалсыздығын және өз табыстары есебiнен қаржыландырылуын «Қарағанды облысының мемлекеттік активтер және сатып алу басқармасы» мемлекеттік мекемесі қамтамасыз етуге тиiс.

43. Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынған, Кәсiпорынның Жарғысында көзделмеген қызметтi жүзеге асырудан осы кәсiпорын алған табыстар, сондай-ақ бюджеттен қаржыландыру есебiнен құралған, сатылатын тауарлардың (жұмыстардың, көрсетiлетiн қызметтердiң) белгiленген бағаларын көтеру нәтижесiнде алынған табыстар Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалатын тәртiппен бюджетке алып қоюға жатады. Мүлiктi бухгалтерлiк есеп қағидалары бойынша тиiстi түрде көрсетпей пайдалану фактiлерi анықталған жағдайда, ол да алып қоюға жатады.

 

  1. Кәсiпорынның жарғылық капиталы

 

44. Кәсiпорынның жарғылық капиталы жедел басқару құқығындағы меншiк иесiнiнен жарғылық қызметтi жүзеге асыру үшiн басқаруға алынған мүлiктен қалыптасады.

 

  1. Кәсiпорынның есепке алуы мен есептiлiгi

 

45. Кәсiпорынның бухгалтерлiк есебiн жүргiзу және қаржылық есептiлiгiн жасау Қазақстан Республикасының бухгалтерлiк есеп пен қаржылық есептiлiк туралы заңнамасына және қаржылық есептiлiктiң «Қарағанды облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы» мемлекеттік мекемесінің келiсiмi бойынша халықаралық стандарттарына және қаржылық есептiлiктiң халықаралық стандарттарына жедел басқару құқығындағы сәйкес Кәсiпорынның басшысы бекiтетiн есеп саясатына сәйкес жүзеге асырылады.

46. Кәсiпорынның жылдық қаржылық есеп беруi бухгалтерлiк теңгерiмдi, табыстар мен шығындар туралы есептi, ақша қозғалысы туралы есептi, өз капиталындағы өзгерiстер туралы есептi, түсiндiрме жазбаны қамтиды.

 

  1. Кәсiпорынның жауапкершiлiгi

 

47. Жедел басқару құқығындағы Кәсiпорын өз мiндеттемелерi бойынша өзiнiң билiгiндегi ақшамен жауап бередi. Ақша жеткiлiксiз болған кезде, оның мiндеттемелерi бойынша Қазақстан Республикасы немесе Қарағанды облысының әкімдігі тиiстi бюджет қаражатымен субсидиарлық жауаптылықта болады.

 

  1. Еңбек ұжымымен өзара қатынас

 

48. Кәсiпорынның әкiмшiлiгi мен еңбек ұжымы арасындағы өзара қатынас Қазақстан Республикасының Еңбек кодексiне және ұжымдық шартқа сәйкес айқындалады.

49. Кәсiпорынның жұмыс тәртiбi iшкi еңбек тәртiбi қағидасына сәйкес белгiленедi және Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының нормаларына қайшы келмеуi тиiс.

 

  1. Кәсiпорын қызметкерлерiне еңбекақы төлеу

 

50. Кәсiпорынның еңбекақы төлеу қорының мөлшерiн жыл сайын «Қарағанды облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы» мемлекеттік мекемесі белгiлейдi.

51. Еңбекақы төлеу нысандарын, лауазымдық айлықақылар мөлшерiн, сыйлықақы беру және өзге сыйақы жүйесiн белгiленген еңбекке ақы төлеу қорының шегiнде Қазақстан Республикасының заңнамасымен айқындайды. Кәсіпорынның штаттық кестесі «Қарағанды облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы» мемлекеттік мекемесінің басшысының бұйрығымен бекітіледі.

52. Кәсiпорын басшысының, оның орынбасарларының, лауазымдық жалақыларының мөлшерiн, оларға сый ақы беру және өзге де сыйақы жүйесiн «Қарағанды облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы» мемлекеттік мекемесі белгiлейдi.

 

  1. Халықаралық ынтымақтастық

 

53. Кәсіпорын белгіленген тәртіп бойынша халықаралық байланысты жүзеге асырады.

 

  1. Кәсiпорынды қайта ұйымдастыру және тарату

 

54. Кәсiпорынды қайта ұйымдастыру және тарату, Қарағанды облысы әкімдігі шешiмi бойынша жүргiзiледi.

Кәсiпорын Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексiмен көзделген басқа да негiздер бойынша таратылуы мүмкiн.

55. Кәсіпорынның таралуын және қайта қуррылуын «Қарағанды облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы» мемлекеттік мекемесі жүзеге асырады.