«Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында шығарылған «Шын жүрекпен құшақтаймын. Кəріпбек Күйіковтің шығармашылығы мен қызметі» атты кітап-альбомда, антиядролық қозғалыстың активисті, АТОМ жобасының құрметті елшісі жəне Нобель сыйлығының номинанты, суретші Кəріпбек Күйіковтың шығармашылығы мен қоғамдық қызметі туралы баяндайды.
«Қарағандының монументальды кескіндемесі: мозаикадан стрит-артқа дейін» «Рухани Жаңғыру» бағдарламасына сәйкес шығарылған кітап-альбом қаланың 85 жылдығына және 20 ғасырдың 60-жылдарынан бастап қазіргі уақытқа дейінгі Қарағанды монументальды кескіндемесінің негізгі даму кезеңдеріне арналған.
Кітап-альбомда мозаикалық панно, қоғамдық ғимараттардың интерьері, мүсінді бедерлер мен заманауи граффити туралы жазылған.
Бұл басылым суретшілерге, өлкетанушыларға, сәулетшілерге, оқушылар мен студенттерге, сондай-ақ Қарағанды бейнелеу өнерінің тарихына қызығушылық танытатындарға қызықты болады.
«Бір суреттің тарихы» мақалалар жинақ-альбомы «Рухани Жаңғыру» бағдарламасы аясында сонымен қатар қаланың 85 жылдығына арнап шығарылған жинақ-альбом, бұл жоба облыстық «Saryarqa» телеарнасымен бірігіп жүзеге асырылды. Жинақ-альбомда Қарағанды облыстық бейнелеу өнері музейінің қорынан Қазақстандық, қарағандылық авторлардың және саяси қуғын-сүргінге ұшыраған суретшілердің 12 жұмысы туралы сөз болмақ.
Бұл басылым суретшілерге, өлкетанушыларға, оқушылар мен студенттерге, сондай-ақ Қарағанды бейнелеу өнерінің тарихына қызығушылық танытатындарға қызықты болады.
Қарағанды облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы
Қарағанды облыстық бейнелеу өнері музейі
Сарыарқаның сәндік қолөнері және ою-өрнегі
Қарағанды 2019
Сарыарқаның сәндік қолөнері және ою-өрнегі. Кітап-альбом
Кітап-альбомда «Рухани жаңғыру» мемлекеттік бағдарламасы аясында Сарыарқаның оның ішінде Қарағанды облысының бірнеше аудан-ауылдарын аралап «Сарыарқаның сәндік қолөнері және ою-өрнегі» ғылыми-зерттеу, іздеу экспедициясы жүргізілді. Экспедициця Қарағанды облысының бес ауданында жүргізілді, соның нәтижесінде жиналған материалдар мен фото материалдар, қолөнер шеберлері жайлы мағұлматтар ұсынылды, сонымен қатар музей қорына жәдігерлер сатып алынды.
Кітап-альбом өнертанушыларға, тарихшыларға, осы салада білім алып жатқан студенттерге, мәдениеттанушыларға, қол өнер шеберлеріне, ағаш шеберлеріне, зергерлерге, сәндік-қолданбалы өнері қызықтыратын жалпы көпшілікке арналған.
Қарағанды облыстық бейнелеу өнері музейі
Сарыарқаның сәндік қолөнері және ою-өрнегі. Кітап - альбом
Жоба жетекшісі:
Құдабаева Б.С.-Қарағанды облыстық бейнелеу өнері музейінің басшысы
Ғылыми-зерттеу экспедициясына қатысушылар:
Құдабаева Б.С.
Елубаева М.А.-ғылыми-әдістеме бөлімінің меңгерушісі
Кадыркулова Д.Ж.-бас қор сақтаушы
Мәтінді құрастырған: Елубаева М.А.
Фотосуретке түсірген: Кудеринов Тимур
Аудармашы: Искакова Д.Е.
Фотограф: Кудеринов Тимур
Переводчик: Искакова Д.Е.