
Жоспар
29.07.2026Құрылтай сайлауы 2026
4 тамыз күні Қарағанды облыстық бейнелеу өнері музейінде «Құрылтай сайлауы 2026» тақырыбында танымдық әңгіме өтті. Комплаенс-офицер Қ. Блялов Қарағанды қаласының Белсенді ұзақ өмір сүру орталығының қатысушыларына алдағы саяси науқанның ел өміріндегі маңызы, саяси партиялар мен олардың сайлауалды бағдарламалары, сондай-ақ партиялардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағыттағы ұстанымдары туралы баяндады. Әңгіме еркін пікір алмасу форматында өтіп, қатысушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойды.


