Мұражай арт-терапиясы

24 мамыр күні «Музей арт-терапиясы» жобасы аясында және Жастар жылына орай  Қарағанды облыстық бейнелеу өнері музейінде «AD ASTRA» жыл сайынғы альманахтың тұсаукесері болды, бұл альманахты №38-ші гимназия 19 жыл қатарынан шығарып келеді.

12 мамыр күні «Музей арт-терапиясы»  жобасы аясында және Жастар жылына орай Қарағанды облыстық бейнелеу өнері музейінде «GIF. Жанды картиналар театры» театрландырылған шарасы болып өтті. «Секретная база» шығармашыл жастар бірлестігімен бірігіп өткізілді. Бұл спектакльге әр түрлі мамандықтағы жастар қатысты: психологтар, дәрігерлер, дизайнелер, археологтар, актерлар.

19 мамыр күні Қарағанды облыстық бейнелеу өнері музейінде Республикалық көпжанрлы «Лучше всех KZ!» конкурсы аясында облыстық конкурс өткізілді. Бұл конкурс «Аврора» и КДЦ «Астана» қорының қолдауымен ұйымдастырылды.

27 сәуір күні Қарағанды облыстық бейнелеу өнері музейінде «Шоқжұлдыз 2019» балалар және жастар шығармашылығы VIII республикалық фестиваль-конкурс болып өтті. Ұйымдастырушы әрі қолдау көрсетуші  «Аврора» және  КДЦ «Астана».

31 наурыз күні Қарағанды облыстық бейнелеу өнері музейінде «Музей арт-терапиясы» жобасы аясында және Жастар жылына орай Александр Мещеряковтың «Весенний концерт с начинкой» атты шығармашылық кеші өтті.

24 наурыз  күні «Музей арт-терапиясы» жобасы аясында жас ақын  бард Вадим Кимнің «Стихотерапия» жаңа жинағының тұсау кесері өтті.

10 наурыз күні «Музей арт-терапиясы» жобасы аясында Қарағанды облыстық бейнелеу өнері музейінде музыканттардың шығармашылық кеші өтті  «THEBACKBAND» рок-тобы  Павел Нечаев және  Альберт Шупко.