Кәсiпорын қызметiнiң мәнi мен мақсаттары

Кәсіпорын қызметінің мәні:

 

1) Қазақстан Республикасының мәдениет ескерткіштерін, бейнелеу өнері шығармаларын насихаттау және зерттеу, түгендеу, сақтау;

 

2) Қазақстан Республикасының және облыстың ұлттық мәдениетін байыту және дамыту, насихаттау;

 

 Кәсiпорын қызметiнiң мақсаттары:

 

1) музей жәдігерлерінің каталогы мен картотекасын жасау;

 

2) көшпелі көрмелер және стационардағы экспозицияларды құру;

 

3)өнер жайлы лекциялар оқу, консультация және экскурсиялық қызмет көрсету;

 

4) халықаралық, облыстық және аймақтық шаралар мен акцияларға қатысу.

 

5) ғылыми кітапхана және ғылыми архивті қалыптастыру.

 

6) мәдени құндылықтарды реставрациялау, жиынтықтау, түгендеу және сақтау;

 

7) облыс аумағындағы барлық ұлттар мен қазақ халқының шығармашылығын көркем мәдениетте жеткен жетістіктерін насихаттау;

 

8) көркем мәдениетті дамыту арқылы тұрғындар мен өскелең ұрпақтың адамгершілік, эстетикалық және патриоттық сезімдерін тәрбиелеу;

 

9) музей орталықтарымен біріге отырып облысымыздағы ұлттық мәдени орталықтарын дамыту;

 

10) халықаралық мәдени шаралар мен акцияларға қатысу;

 

Кәсiпорын қойылған мақсаттарын iске асыру үшiн қызметтiң мынадай түрлерiн жүзеге асырады:

 

1) отандық және шетелдік бейнелеу өнерінің дамуын, аймақтың материалдық және рухани мәдени даму процесін зерттеу;

 

2) тұрғындарға эстетикалық, адамгершілік және патриоттық тәрбие беруде мәдени-ағарту жұмыстарын жүргізу;

 

3) қорда сақталған құжаттар мен өнер шығармаларын ғылыми өңдеу; ғылыми - зерттеу, жинау, ғылыми - сақтау, экспозициялық-көрме, және ғылыми-ағарту жұмыстарын өткізу,

 

4) музейдің тұрақты экспозицияларымен көрмелерін және қор коллекцияларын пайдаланып, бұқаралық-ғылыми ағартушылық жұмыстар жүргізу;

 

5) ғылыми қор жинақтау мақсатында экспедициялар, барлау, ғылыми іс-сапарлар ұйымдастыру;

 

6) мемлекеттік архивтерде, кітапханаларда, жеке коллекцияларда және басқа да музейлер қорында сақталған деректерді іздестіріп, зерттеу;

 

7) әлемге әйгілі өнер туындыларын іздеу сатып алу;

 

8) жергілікті тұрғындардан сирек кездесетін материалдарын іздестіру, сатып алу;

 

9) тұрақты экспозицияларды жоспарлап және жылжымалы көрмелерді ұйымдастыру;

 

10) қор коллекциясын және тақырыптық көрмелерді пайдаланып, стационардағы экспозиция базасында жалпы ғылыми-ағарту жұмыстарын жүргізу;

 

11) тұрақты және жылжымалы көрмелерді пайдаланып, тақырыптық және жалпы шолу экскурсияларын жүргізу;

 

12) бейнелеу өнері жұмыстары жөнінен мемлекеттік және қоғамдық музейлерге методикалық және практикалық көмек көрсету;

 

13) мектеп оқушыларына музейде өнер тарихы сабақтарын және үйірмелер өткізу;

 

14) мектеп оқушыларына арнап арнайы қызмет күндерін ұйымдастыру;

 

15) музей залдары мен тарихи орындардың көрсеткіштерін, экспедициялардың есебін және музейдің іс-шараларын жария ететін ақпарат деректерін, мерейтойлардың күнтізбелерін, кітаптар, альбомдар, ғылыми жинақтар, мектептер мен жоғарғы оқу орындарымен жүргізілетін жұмыстардың бағдарламаларын шығару;

 

16) жоғарғы оқу орындарындағы колледждердегі кәсіби көркем-сурет факультеті мен гуманитарлық факультеттің студенттеріне музей ісі жөнінен практика өткізу;

 

17) музей жұмысының тәжірибесін жинақтау және қорытындылау;

 

18) мемлекеттік және қоғамдық мекемелермен, шығармашылық одақтармен, әскери бөлімдермен, коммерциялық ұйымдармен келісімшарттар жасау;

 

15. Кәсiпорын осы Жарғыда бекiтiлген оның қызметiнiң мәнi мен мақсатына сай емес қызметтi жүзеге асыруға, сондай-ақ мәмiлелердi жасауға құқылы емес.

 

16. Кәсiпорынның Қазақстан Республикасының заңдарында немесе құрылтай құжаттарында белгiлi бiр шек қойылған қызмет мақсаттарына қайшы немесе оның басшысының жарғылық құзыретiн бұза отырып жасаған мәмiлесi «Қарағанды облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы» мемлекеттік мекемесінің немесе Қарағанды облысы әкімдігі және прокурордың талап-арызы бойынша жарамсыз деп танылуы мүмкiн.

 

17. Кәсiпорын басшысының заңды тұлғаның жарғыдан тыс қызметтi жүзеге асыруға бағытталған iс-қимылдары еңбек мiндеттерiн бұзу болып табылып, тәртiптiк және материалдық жауаптылық шараларын қолдануға әкеп соғады.