31 наурыз күні Қарағанды облыстық бейнелеу өнері музейінде «Музей арт-терапиясы» жобасы аясында және Жастар жылына орай Александр Мещеряковтың «Весенний концерт с начинкой» атты шығармашылық кеші өтті.


Александр Мещеряков - Өскемендік танымал ақын, бард және музыкант, сонымен қатар мүсінші-суретші, ағаштан мүсін қашайды.


Кеште автор өзінің туындыларын орындады, сонымен қатар қарағандылық жас ақын-бардтар Роман Тен және Вадим Кимнің шығармаларын да орындады.


Концер-кеш өте тартымды өтті келген көрермендер өте риза болды. Шара барысында ағаш мүсіннен жасалған шағын көрме де көрермендер назарына ұсынылды. А.Мещеряков музейге «Ходжа Насреддин» мүсінін сыйға тартты.