12 мамыр күні «Музей арт-терапиясы»  жобасы аясында және Жастар жылына орай Қарағанды облыстық бейнелеу өнері музейінде «GIF. Жанды картиналар театры» театрландырылған шарасы болып өтті. «Секретная база» шығармашыл жастар бірлестігімен бірігіп өткізілді. Бұл спектакльге әр түрлі мамандықтағы жастар қатысты: психологтар, дәрігерлер, дизайнелер, археологтар, актерлар.


Көрермендер назарына Ван Гог, Карл Брюллов, Марк Шагал, Казимир Малевич, Эдвард  Мунк  және тағы басқа суретшілердің жанды картиналары ұсынылды.


Дәстүрлі жанды картиналардан бұл театрдың ерекшелігі экскурсия барысында  нақты фигураларға жан бітіп  монолог оқыды, музыкалық инструментте ойнады, авторлық әндері мен өлеңдерін оқыды.  «Қара квадраттың» оқыған монологы көрермендердің ерекше қызығушылығына ие болды.


Спектакльдің соңында әр көрермен ақ параққа тақалып қыл қаламмен және бояумен ұжымдық картина салып оны музей қорына тапсырды.


Театрландырылған кеш қарағандылықтардың қошаметіне бөленді.