Біз туралы жазады

Бүгін қаламызда «Қарағанды шеберлер көзімен» тақырыбында көрме өтті. Аталмыш шара Елбасының «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында және Қарағанды облыстық бейнелеу өнері музейінің 30-жылдығына орай ұйымдастрылды. Көрермендер назарына музей қорынан 80 шығарма ұсынылып отыр. Ұйымдастырушылардың айтуынша, бұл туындылар Қарағандының қайталанбас ерекше образын сомдайды. Қала тұрғындары мен қонақтары көрмені қаңтар айының 24-і мен ақпан айының 12-ші жұлдызы аралығында тамашалай алады.

Облыстық бейнелеу өнері мұражайында «Қарағанды шеберлер көзімен» атты көрме ашылды. Экспозиция мұражайдың 30 жылдығына арналады жәнеде «Рухани жаңғыру» бағдарламасы шеңберінде өткізілуде.

Қарағанды келбеті – көрмеде

Облыстық бейнелеу өнері мұражайында «Қарағанды шеберлер көзімен» атты көрме ашылды. «Рухани жаңғыру» бағдарламасы шеңберінде ұйымдастырылған экспозиция мұражайдың отыз жылдық мерейтойына арналған.

Облыстық бейнелеу өнері мұражайында қарағандылық суретші Ерлан Ғаймолдиннің жеке көрмесі ашылды.

- Жыл осындай тамаша көрмемен басталып отыр, сондықтан осы жыл жақсы оқиғаларға бай болады деп ойлаймыз, - деді облыстық бейнелеу өнері мұражайының директоры Бибігүл Құдабаева. - 2018-ші жылы біздің мұражайға 30 жыл толады, сондықтан барлық көрмелер мерейтойға арналатын болады.

13-Ақпан-2018 - Қарағандыда Ауғаныстандағы жауынгер-интернационалистердің ерлігіне арналған көрме ашылды Облыстық бейнелеу өнері мұражайында «Қызыл із» және «Медальдің кері жағы» атты екі экспозицияны біріктірген көрме ашылды. Ол 1979-1989 жылдары Ауғаныстандағы жауынгер-интернационалистердің ерлігіне арналды.

Облыстық бейнелеу мұражайында Равза Абусеваның жеке көрмесі ашылды. Экспозиция 50 картинадан құралған. Суретшінің жұмыстары арасында әйел бейнелері көптеп кездеседі.