13-Ақпан-2018 - Қарағандыда Ауғаныстандағы жауынгер-интернационалистердің ерлігіне арналған көрме ашылды Облыстық бейнелеу өнері мұражайында «Қызыл із» және «Медальдің кері жағы» атты екі экспозицияны біріктірген көрме ашылды. Ол 1979-1989 жылдары Ауғаныстандағы жауынгер-интернационалистердің ерлігіне арналды.

Қарағанды облысы әкімдігінің сайты

13-Ақпан-2018 - Қарағандыда Ауғаныстандағы жауынгер-интернационалистердің ерлігіне арналған көрме ашылды Облыстық бейнелеу өнері мұражайында «Қызыл із» және «Медальдің кері жағы» атты екі экспозицияны біріктірген көрме ашылды. Ол 1979-1989 жылдары Ауғаныстандағы жауынгер-интернационалистердің ерлігіне арналды.

- «Қызыл із» жобасы екі жыл бұрын басталды, оның авторы – фотограф Дәулет Абдрахманов, - дейді мұражай сақтаушысы, өнертанушы Дәмелі Қадырқұлова. – Осы жолы біз кеңес әскерін Ауғаныстаннан шығарудың 29 жылдығына арналған экспозицияларды біріктірдік.

Көрермендер назарына 208 жәдігер ұсынылды, оның ішінде суреттер, әскери киім-кешектер, наградалар мен ерекшелік белгілері бар. «Қызыл із» фотокөрмесі жауынгер-интернационалистердің қазіргі заманғы портреттер галереясын ұсынады. Әр суретте екі уақыт көрсетілген – алыста қалған 80-ші жылдар және оның фонында қазіргі күндер.

Көрменің ашылуына 12-ші ақпанда Т. Бегелдінов атындағы әскери мектеп-интернаттың кадеттері келді.

- Көрменің мақсаты - жауынгер-интернационалистердің ерлігі, адалдықпен орындаған отан алдындағы борыштары, антқа деген адалдығы және шынайы сарбаздық ағайыдық туралы айтып беру. Жастар ол туралы білулері қажет, - дейді Дәмелі Қадырқұлова.

Көрме «Рухани жаңғыру» бағдарламасы және облыстық бейнелеу өнері мұражайының 30 жылдық мерейтойы аясында өтіп жатыр. Көрме 20-шы ақпанға дейін жалғасады.