Қарағанды облыстық бейнелеу өнері музейі 22 қыркүйек күні «Музей арт-терапиясы» аясында В.С.Боженкомен, ақынның 80- жылдығына арналған мерейтойлық әдеби кеш өткізілді.

 

Шара барысында мерейтой иесінің өлеңдері оқылып,  автордың өмірі мен шығармашылығы жайлы фотоәңгімелер көрсетілді. Сонымен қатар В.С.Боженко өзінің театрда жұмыс жасаған кездегі естелігімен бөлісті, поэзиялық туындыларын оқыды Ю.Гуммель, Г.Гилевский, П.Антоненко, Э.Селезнева сияқты суретшілермен дос болғандығын айтты.

 

Мерейтой иесін қарағандылық танымал ақындар Т.Еремина, И.Елефтериади, В.Хренников, сонымен қатар жас ақындар В.Ким және  Р.Тен құттықтады.

 

Кеш барысында ақынның сүйікті ақыны Николай Рубцовтың сөзіне жазылған әндер шырқалды.

.