2024 жылғы 29 ақпанда сағат 16.00 - де Қарағанды облыстық бейнелеу өнері музейінде "ТОҒЖАН" шығармашылық орталығының балаларырының жұмыстарының есептік көрмесінің ашылуы өтеді (жетекшісі Медеубаева Айгүл Мұхтарқызы). "ТОҒЖАН" шығармашылық орталығы 2021 жылы құрылды және балаларға арналған шығармашылық үйірмелерді жан басына қаржыландыру бағдарламасы бойынша қызметін жүзеге асырады. Орталықтың басты мақсаты - балаларды шығармашылық, көркемдік, музыкалық тәрбиелеу және талғамды дамыту болып табылады. Шығармашылық көрмеге 4 жастан 17 жасқа дейінгі балалардың 80 - нен астам жұмыстары кірді, "ТОҒЖАН" шығармашылық орталығың балалары өте дарынды. Балалардың қиялдары шексіз. Суреттер әр түрлі, жарқын және түрлі - түсті, креативті болып шықты және әр суретте баланың ішкі жан дүниесі сезіледі. Сондай - ақ, "Киімдерді үлгілеу, кесу және тігу" үйірмесінің қолдан жасалған ұлттық бас киімдердің жұмыстары ұсынылып отыр. Көрменің ашылуы барысында "ТОҒЖАН" шығармашылық орталықтың домбыра оркестрі өнер көрсетті. Көрме 13.03.2024 ж. дейін жұмыс жасайды.