2020 жылдың 26 ақпан күні Қарағанды облыстық бейнелеу өнері музейінде Алғыс айту күніне арналған «Бір Шаңырақ астында» атты музейлік сабақ өткізілді.

Сабаққа аз қамтылған балаларға арналған мектеп-интернаттың 45 адамы қатысты. Сабақ барысында музей қорынан кескіндеме, графика және қолданбалы өнер туындылары көрсетілді. Оқушылар ұлттық мерекенің мағынасымен және оның тарихымен танысты. Оқушыларда ««Рахмет» айту біл» атты интерактивті ойыны үлкен қызығушылық тудырды: балалар Қазақстанда тұратын халықтардың әр түрлі тілдерде «рахмет» сөздері жазылған жапырақ тәріздес карточкаларды алып, сәндік ағашты безендірді. Оқушылар ұй тапсырмасы берілді: оларға карточкада көрсетілген тілде сөйлейтін ел жайында шығарма жазып келу.