2020 жылдың 13 мен 15 ақпан күндері Қарағанды облыстық бейнелеу өнері музейінде Абай Құнанбаевтың 175-жылдығына орай ұйымдастырылған музей сабақтары жүргізілді.

Сабақтарда музей қорынан көркем суретшілер, графиктер мен мүсіншілердің жұмыстары көрсетілді. Оқушылар Абай Құнанбаевтың қызметімен және әдеби шығармашылығымен танысты, оның өлеңдерін қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде оқыды. Сондай-ақ, өмір тақырыбы мен қызметіне, ағартушы, философ және ақын, Абай Құнанбаевқа арнаған  Шамшин В.В., Осипенко А.И., Қалмаханов А.С. аға буын суретшілер туындыларының тарихымен және басқа да авторлық жұмыстармен танысты.