12 сәуір күні сағ 16.00-де Қарағанды Суретшілер Одағының дәстүрлі көктемгі көрмесі ашылды.

 

Экспозицияда 80-нен астам жұмыс бар. Жұмыстардың тақырыбы да әр түрлі, достарының портретінен бастап экзотикалық елдердің пейзаждарына дейін көруге болады. Көптеген жұмыстар – табиғат, махаббат, адам тақырыбына арналған. Кескіндеме және графикалық жұмыстармен қатар , кестеленген жұмыстар және мүсін өнерінде тамашалауға болады. Қарағандылық суретшілермен қатар Жезқазған, Балқаш, Теміртау қалаларының суретшілері де бар. Көрменің ашылуына өнертанушылар, суретшілер  және өнер сүйер қауым қатысты.

 

Көрме 22 сәуірге дейін жұмыс жасайды.